Аралтоғай ауылдық округі әкімі С.А.Дүйсенбаевтың
«Аралтоғай ауылдық округінің 2021 жылғы атқарылған жұмыстары мен ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасы
2021 жылдың қаңтарында өткізілген есепті кездесудегі ұсыныстар
мен сұрақтар бойынша іс – шаралар жоспарының
жүзеге асырылуы жөнінде:
«АСУ-К» ЖШС 299 млн. теңгеге тендрді жеңіп алып, Аралтоғай ауылына газ құбырын жүргізді. 230 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысанға газ құбырлары тартылды.
Аралтоғай ауылына әкімшілік ғимаратын салу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді.
Ұлғайсын ауылына су құбырын тарту үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленді
Қадірлі Аралтоғай ауылдық округінің тұрғындары!
Біз бүгін 2021 жылы Аралтоғай ауылдық округі бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сараптама жасап және алдағы уақыттағы жұмыс ауқымын айқындау, жобалау мақсатында халықтың тілегі мен сұранысын, талабын тыңдап, алдымыздағы мерзімді кезеңге арналған міндеттерді белгілегелі отырмыз.
Аралтоғай ауылдық округіне қарасты 4 елдімекен бар. Олар: Аралтоғай, Қияқты, Ұлғайсын, Милы елдімекендері. Халық саны 1680 адам, отбасы саны 311.
Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласы
Аралтоғай ауылдық округі - мал шаруашылығын кәсіп еткен өңір болғандықтан мал шаруашылығы саласындағы барлық мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланып келеді.
Округ бойынша 2021 жылдың 1-ші қаңтарына тіркелген мал басы: Мүйізді ірі қара 10148 бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 19 % артты, жылқы 2836 басты құрап, 10% артты, қой-ешкі малы 19890 басты құрап, 29% артты, және түйе 34 басты құрап отыр.
Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорынан Рахат ШҚ 28 млн несие алып экскаватор, трактор, касилка сатып алды. Байтақ шаруа қожалығы 29 млн теңге алып 73 бас жылқы сатып алды. «Үміт» ШҚ 2 трактор , пресс, КУН,косылка сатып алды
Мерзімі өткен асыл тұқымды бұқаларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Бордақылау алаңдарына бұқашық тапсыру тапсырмасы бойынша Рахат+ АӨК 114 бас бұқашық тапсырды.
Шаруа қожалықтар мал басын асылдандыру бағытында, мал азығына мемлекеттен субсидиялар алды.
Округ бойынша 85 жеке кәсіпкер, 45 шаруа қожалығы, 3 ЖШС, 1 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі шағын орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасап отыр.
Еңбек бағдарламасы аясында 16 адам 583000 теңгеден грант иегері атанды.
Бастау бизнес бағдарламасы арқылы 10 адам несие алып мал сатып алды.
Ветеринария
Ауылдық округінің аумағы аса қауіпті жұқпалы ауруларға байланысты эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Округте 1 ветеринариялық пункт жұмыс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын-алу мақсатында жүргізілетін ветеринариялық алдын-алу іс-шаралары 12-айдағы жоспарға сәйкес орындалды.
10148 бас мүйізді ірі қара, 19890 бас қой-ешкі бруцеллезге тексерілді. Ауруға шалдыққан мал жоқ.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша Жастар практикасымен 7 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 17 адам, Жасыл ел еңбек жасағына 11 адам жұмысқа тартылды. Дипломмен ауылға бағдарламасы арқылы 1 жас маман жұмысқа орналасты.
Бастау бизнес бағдарламасы бойынша 10 адам оқуға жіберілді.
Атаулы әлеуметтік көмеке көп балалы отбасылардан Аралтоғай,Ұлғайсын ауылы бойынша 8 адам құжат тапсырды.8отбасы 3 жасқа дейінгі, 3-6 жасқа дейінгі баласы бар отбасыларға тоқсан сайын тұрмыстық тауарлар,ай сайын азық түлік пакеті берілді.
Білім саласы
Округ бойынша бүгінде 4 мектеп жұмыс жасайды, 2 орта, 1 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп.
2021 жылы Қыналы негізгі мектебіне «СтройМастеркласс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 47,1 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.
2020-2021 оқу жылында Оразалин атындағы орта мектепте 14 түлек оқуын аяқтады. 2021-2022 оқу жылында білім беру мекемелерінде 370 оқушы білім алуда, оларға 95 мұғалім ұстаздық етуде.
Денсаулық сақтау
Округ бойынша медициналық көмекті 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт қызмет атқарады.
Ұлғайсын ауылына медициналық пункт салу үшін жобалық сметалық құжаты әзірленді. Алдағы уақытта медициналық пункт құрылысы басталады.
Жоғары білімді дәрігер саны 1. Арнаулы орта білімді медбикелер – 7 адам.
2021 жылғы негізгі демографиялық көрсеткіштер бойынша туған бала саны – 26 бала. Қайтыс болған адам – 8 адам
Ауыз су және газ мәселесі
«АСУ-К» ЖШС 299 млн. теңгеге тендрді жеңіп алып, Аралтоғай ауылына газ құбырын жүргізді. 230 тұрғын үй мен 4 әлеуметтік нысанға газ құрырлары тартылды. Қияқты ауылына 15 млн теңгеге Блокты-модульді су тазарту станциясы орнатылып, тұрғындар таза сумен қамтылды. Ұлғайсын ауылына су құбырын тарту үшін жобалық-сметалы құжаттама әзірленді.
Жол мәселесі, құрылыс жұмыстары және жарықтандыру
Қияқты ауылына дейінгі 3 км жерге тас төгіліп тегістелді. Аралтоғай ауылына дейінгі және Амангелді көшесі мен Жанқожа батыр көшесіне асфальт төсеу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленді.
Демеушілердің көмегімен 4 млн теңгеге Аралтоғай ауылына спорт кешенін салу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленді
Аралтоғай ауылына 104 үйге талшықты интернет желісі тартылды.
Елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету
Санитарлық тазалық бойынша 2 айлық жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша 400 адам, 4 техника қатыстырылып, бүгінгі күнге дейін, барлығы 1000 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, күл- қоқыс сыртқа шығарылды.Күл –қоқысын тазартпаған тұрғындарды анықтап,ескерту жасалды.
«Туған жерге тағзым» акциясы
Ауыл әкімі аппаратында көрсетілген қызметтер
Барлық өтініштер, мемлекеттік қызмет көрсетулер уақытылы қаралып, шаралар қабылданды және жауаптар берілді. Азаматтардың барлық өтініштері уақытында қаралды.
Ауыл әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бар. Жыл бойына Округ әкімі аппаратында төмендегідей қызметтер көрсетілді:
|
Атауы |
2021 |
|
Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер |
500 |
|
ЭСҚ-мен қамтылған барлық округ тұрғындарының саны |
900 |
|
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер |
5 |
|
Куәландырылған сенімхаттар мен өтініштер |
100 |
2022 жылға қойылған міндеттер
!