Ақтасты ауылдық округінің әкiмi Д.Т.Убайдуллиннің
«Ақтасты ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы» есепті баяндамасының тезисі
Ақтасты ауылдық округіне Ақтасты және Толыбай елді мекендері қарайды. Халық саны – 580 адам. Ауылдық округте 1 әкімдік, 2 орта мектеп, 1 балабақша, 1 шағын орталық, 2 ауылдық клуб, 1 мұражай, 2 кітапхана, 2 медициналық пункт жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, ауылдық округімізде 1 учаскелік инспектор, 2 қазпошта қызметкері, 2 ветеринарлық дәрігер, 4 электрик, 6 «Қайнар» ауызсу жүйесінің қызметкерлері бар.
БЮДЖЕТ
2021 жылға барлық салық түсімдерінің жоспары – 1 368,0 мың теңге. Орындалуы – 1 368,0 мың теңге немесе 100%. Бюджеттің игерілуі – 100%.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
Халықты орталықтандырылған таза ауысумен қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы Ақтасты ауылында 2020 жылы басталған су құбырлары желісінің құрылысы аяқталып халық игілігіне пайдалануға берілді.
Есепті жыл кезеңі ішінде ауыл әкімдігі ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, жоба құны - 2 800,00 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер ұйым – ЖК «Дана».
Сонымен қатар, 1 345,0 мың теңгеге ауыл әкімдігі ғимаратының кеңсе жиһаздары жаңартылды.
Ауылдық окруте Ақтасты ауылы Beeline ал, Толыбай ауылы Kcell ұялы байланыс желісімен қамтылды.
Ағымдағы жылы Ақтасты және Толыбай елді мекен аралығына байланыс мұнарасын орнату үші жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, есептік кезең жыл ішінде жалпы құны 2 589,3 мың теңгеге байланыс мұнарасы мен трансформатор құрылғылары орнатылды.
Нәтижесінде, бүгінгі күні ауылдық округтің әкімдік, мектеп, балабақша және медициналық пункт ғимараттарына және Ақтасты ауылының әзірге 43 жеке тұрғын үйіне «Сапа Телекком» ЖШС-нің жоғары жылдамдықтағы WI-FI интернет желісі іске қосылып халық игілігі үшін жұмыс жасауда.
Ағымдағы жылы Ақтасты ауылында балалар ойын алаңы салынды. Жоба құны - 3 035,7 мың теңге. Мердігер мекеме – «НурсатҚұрылысГрупп» ЖШС.
САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ
«ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ
Ағымдағы жылы Ақтасты ауылындағы иесіз бұзылған нысандардың орындарын тазарту, жинақтау және күл-қоқыстарды шығару мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 700,0 мың теңгеге Ақтасты ауылының қоқыстары шығарылды.
Ағымдағы жылы «Туған жерге тағзым» жобасы акциясы аясында Ақтасты ауыл тұрғындарының қаражатына «Ақтасты туған өлкем» стелласы орнатылды. Жоба құны – 500,0 мың теңге.
Сонымен қатар, ауыл тұрғыны О.Жолмұрат демеушілігімен ауыл мектебінің және ауыл клубының қоршауын жаңарту үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны – 150,0 мың теңге.
Бұдан бөлек, Толыбай жалпы орта білім беретін орта мектебінің ер мұғалемдерінің демеушілігімен мектеп жанындағы «Құлыншақ» шағын орталығына ойыншықтар сатып алынып берілді.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК, ВЕТЕРИНАРИЯ
Ауылдық округ аумағында 1 ӨК, 14 ШҚ, 4 ЖК тіркелген. Округте 3 азық-түлік дүкені жұмыс жасайды.
2021 жылға мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша ауылдық округте 15-бас ірі қара, 30-бас қой сатып алды және мал бордақылау алаңдарына 144-бас бұқашық тапсырды.
Тұқымдық түрлендіруге қатысып отырған ірі қара малының аналық саны – 320 бас.
Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары бойынша «Мақсат» ШҚ 1-дана Беларусь тракторын 9 700, мың теңгеге сатып алса, мал азығын дайындайтын техника (пресс-подборщик) 2 915,0 мың теңгеге және шөп шапқыш техникасын 1 615,0 мың теңгеге сатып алды.
Ал, «Шыңғыс» ШҚ 77 000,0 теңгеге 7 дана Беларусь тракторын сатып алды.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ
11 айдың қорытындысы бойынша жаңа жұмыс орындарына 60 (жылдық жоспар – 90 немесе орындалуы 67%) адам орналастырылды. Мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналастырылғаны – 35 адам (орындалуы – 64%).
«Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының 01.12.2021 жылға орындалуы:
2 бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау-Бизнес» жобасымен 1 адам оқыды. (жоспар 2 адам)
3 бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам (орындалуы – 100%), Ақылы қоғамдық жұмысқа 14 адам қабылданды (орындалуы – 94%). Ұрпақтар келісім шартымен 1 – жас маман тәжірибеден өтті. Жасыл ел еңбек жасағына 4 адам (орындалуы – 80%) қабылданды.
Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы 4 отбасы алды.
БІЛІМ БЕРУ, МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ,
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ
Ақтасты жалпы орта білім беретін мектепте 80 оқушы білім алады. 2020-2021 жылы 9-шы сыныпты 9 бала бітірді және колледждерге оқуға түскен бала жоқ. 11 сыныпты 6 бала бітіріп, жоғарғы оқу орнында 2 бала ақылы, колледждерде 4 бала грантқа оқуға түсті. Мектеп бітіріп кәсіби және жоғарғы оқу орындарына түспей қалған түлектер жоқ.
Толыбай жалпы орта білім беретін мектепте 58 оқушы білім алады. 2020-2021 жылы 9 сыныпты 4 бала бітірді және колледждерге оқуға түскен бала жоқ. 11 сыныпты 8 бала бітіріп, жоғары оқу орнына-3 бала грантқа, колледждерде 3 – бала грантта, 2 – бала ақылы оқиды. Мектеп бітіріп кәсіби және жоғарғы оқу орындарына түспей қалған түлектер жоқ.
«Шамшырақ» МДҰ-да педагог саны – 2. Тәрбиеленушілер саны – 14 бүлдіршін. Және 1 жас маман келіп жұмыс жасауда.
«Құлыншақ» шағын орталығында педагог саны – 2. Тәрбиеленушілер саны – 24 бүлдіршін.
Ақтасты және Толыбай ауылдарында ауылдық клуб қызмет көрсетеді.
Ақтасты ауылдық кітапханада – 8221 дана кітап қоры бар. Оның ішінде, мемлекеттік тілде 2581 дана кітап бар. 2021 жылы 81 кітаппен толықтырылды (2020 жылы 187 кітап).
Толыбай ауылдық кітапханада – 10000 дана кітап қорыыбар. Оның ішінде, мемлекеттік тілде 7800 дана кітап бар. 2021 жылы 81 кітаппен толықтырылды (2020 жылы 187 кітап).
Ағымдағы жылы қарашаның 27-28 күндері ауыл кәсіпкері Ж.Орынбай ағамыздың демеушілігімен тұңғыш рет ауылымызда төл спортымыз қазақ күресінен ашық біріншілік өткізілді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ БОЙЫНША
Ақтасты ауылында диспансерлік есепте тұрған адам саны – 21 (оның ішінде, ересектер – 15, бала – 6), тегін дәрі дәрмек алатыны – 10 адам. Биылғы жылы флюротексеруден – 177 адам, маммографиядан – 18 адам өтті. Жалпы жоспарланған скринингтік тексеру 100% -ға орындалды.
2021 жылы туберкулез 1 – адамнан анықталып емделді. Тұмауға қарсы тегін екпе – 60 адамға, ақылы – 31 адамға екпе жасалынды. Дүниеге келген бала саны – 3.
Толыбай ауылында диспансерлік есепте тұрған адам саны – 41 (оның ішінде, ересек – 35 адам, бала – 6), тегін дәрі дәрмек алатыны – 21 адам. Биылғы жылы флюротексеруден – 129 адам, маммографиядан – 21 өтті. Жалпы жоспарланған скринингтік тексеру 100% -ға орындалды. 2021 жылы туберкулез ауруы анықталған жоқ. Тұмауға қарсы тегін екпе – 40 адамға, ақылы – 20 адамға екпе жасалынды. Дүниеге келген бала саны – 5.
2022 ЖЫЛҒА АЛҒА ҚОЙЫЛҒАН МІНДЕТТЕР