Ақкөл ауылдық округінің әкiмi Н.Б.Жумашовтың
«Ақкөл ауылдық округінің 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасы
Бюджет
2021 жылға барлық салық түсімдерінің жоспары - 630,0 мың теңге. Орындалуы –630 ,0 мың теңге немесе 100%. Ерікті түсімдер 510,0 теңге, шығыстар 34195,7 мың теңге толық игерілді.
Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, ветеринария
Ауылдық округ аумағында 16 ШҚ, 12 ЖК тіркелген. 2021 жылы 6 ШҚ, 2 жеке кәсіпкер тіркелді. Округте 2 азық түлік дүкені, 1шаруашылық тауарлары дүкені тұрғындар қажеттілігіне қарай жұмыс жасайды.
Жеке тұрғындардың және меншіктің барлық нысанындағы шаруашылықтардың қарамағындағы мал басын қыс айында мал азығымен қамтамасыз ету үшін трактор агрегаттарымен жұмылдырылып, жоспар толығымен орындалды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы «Шахан» ШҚ – басшысы Қ.Қалиев 1,620 млн теңге несие алып, 18 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.
Машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары бойынша «Қонысбай» ШҚ 3 МТЗ тракторын 27,0 млн, Т-25 тракторын 1,5 млн, 3 трактор тіркемесін, Погрузшик 16,0 млн теңгеге, мал азығын дайындайтын техника (пресс-подборщик) 3,5 млн. теңгеге, 1 дана мал азығын дайындайтын шөп шапқыш 2,5 млн. теңгеге сатып алды.Осы жылы «Қонысбай» шаруа қожалығы 30 млн теңгеге1000 бас ірі қара малын бордақылауға арналған кешен құрылысын салды.
«Актеп» мал бордақылау алаңына етке 30 бас бұқашық тапсырылды.
Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2021 жылы сібір жарасына 2200 мүйізді ірі қара, 3887 қой-ешкі, 600 жылқы, пастереллезге 400 мүйізді ірі қара, 150 жылқы, туберкулезге 2500 мүйізді ірі қара, нодулярлы дерматитке 2000 мүйізді ірі қара, қарасанға 1500 мүйізді ірі қара егілді.
3900 бас қойдан, 3400 бас мүйізді ірі қарадан сарып (бруцеллез) ауруына қан сынамасын тексеріліп, 6 бас оң нәтиже көрсетті, барлығы түгел тапсырылды.
Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
11 айдың қорытындысы бойынша жаңа жұмыс орындарына 40 (жылдық жоспар – 39 немесе орындалуы 97,5%) адам орналастырылды. Мемлекеттің қолдауынсыз жұмысқа орналастырылғаны – 63 (орындалуы – 96,8%).
«Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының 01.12.2021 жылға орындалуы:
1 бағыты – техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету бойынша 3 адам (жоспар - 3) оқуды аяқтады.
2 бағыты – жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бастау-Бизнес» жобасымен 3 адам оқып, 555 600 теңгеден мемлекеттік грант алды.
3 бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 10 адам(орындалуы – 100%), жастар тәжірибесіне 2 адам (орындалуы – 100%) жолданды. Жасыл ел еңбек жасағына 2 адам (орындалуы – 100%) қабылданды.
Мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы 2 отбасы алды.
Білім беру және спорт
Жалпы орта білім беретін мектепте 117 оқушы білім алады. 2021-2022 жылы 9 сыныпты 6 бала бітіріп, 6-і мектепте, 3-уі колледждерде грантта оқиды, 11 сыныпты 14бала бітіріп, колледждерде 8 грантта оқиды. Мектеп бітіріп кәсіби және жоғарғы оқу орындарына түспей қалған түлектер жоқ.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласы бойынша: диспансерлік есепте тұрғаны – 33 тегін дәрі дәрмек алатыны – 44. Скринингтен – 77, маммографиядан – 48, флюротексеруден – 182 өтті, соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққандар жоқ. Тұмауға қарсы тегін екпе алғаны – 30 адам. Дүниеге келген бала саны – 7.
Мәдениет және ішкі саясат
Ауылдық округте ауылдық клуб, ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.
Ауылдық кітапханада – 12800 дана кітап қоры, оның ішінде мемлекеттік тілде 7445 дана кітап бар. 2020 жылы 130 кітаппен толықтырылды.
Ауылдық клубта мәдени іс-шаралар пандемияға байланысты санитарлық талаптарға сәйкес онлайн форматында өтті. Ауыл жастарының аудан, облыс төңірегіндегі мәдени-спорттық шараларға қатысуы өте белсенді.
1 пошта қызметкері қызмет етеді, баспасөзге (газет-журнал) жазылу толығымен орындалды.
Ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
2022 жылға алға қойған міндеттер:
Салық базасын ұлғайтуға байланысты жұмыстарды жалғастыру
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмыстар жүргізу.