ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері, оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің НКИ (нақты көлем индексі) – 153,7% құрады немесе өндірілген өнім көлемінің құны 14,5 млрд. теңгеге теңелді. Нақты көлем индексі тау-кен өнеркәсібі бойынша – 176,7% болды, ал өңдеу өнеркәсібінде НКИ – 85,4% құрады, Электрмен жабдықтау, газ,бу беру және ауа баптау бойынша – 107,4% болды, Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау бойынша 92,5% немесе 95,5 млн. теңгені құрады.
Негізгі капиталға 11 айда 11,6 млрд. тенге инвестиция салынды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, нақты көлем индексі 140,4% пайызды құрады.
2021 жылдың қаңтар-қараша айларына ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 30,1 млрд.тенгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 75% болды.
Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 4,2 млрд. тенгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 135,8% орындалды.
Халықтың жеке қаражатымен салынған тұрғын үйлерді қоса есептегенде, жалпы алаңы 11 403 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер іске қосылды немесе өткен жылмен салыстырғанда 101,6% орындалды.
Бөлшек сауда өткізу көлемі 1 желтоқсанға 6,3 млрд. тенгеге жетті, немесе нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 110,3% құрады.
2021 жылдың 11 айына бекітілген аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 6,1 млрд. теңге, 2021 жылдың 1 желтоқсанына нақты кіріс 6,5 млрд. теңге болып, жоспар 105,5 % орындалды.
Бюджеттің шығыс бөлігінің жоспары 6,4 млрд.теңге, нақты бюджет шығындары 6,4 млрд.теңге болып, жоспар 98,9 % орындалды.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы бойынша 11 айдағы қорытынды бойынша өндірілген өнім көлемі 29,9 млрд. теңгені құрап, немесе 75,0% орындалды. Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция 958,4 млн. теңге.
Өткен 2020 жылдың қаңтар-қараша айымен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2863 басқа өсіп, нақты көлем индексі 105,9 % жетті. Сиыр малы 2705 басқа өсті, немесе 109,6 %, қой мен ешкі 4605 басқа өсіп, нақты көлем индексі 104,4% жетті. Жылқы малы 13995 басты құрады, нақты көлем индексі 106,8%-ға жетті. Ал құстың барлық түрі 88845 басты құрады, немесе 106,6 % құрады.
Аудан бойынша ет өнімі 11 айда 13695,1 тонна болып, НКИ 108,7% болды. Сүт өнімі 24959,3 тонна болады, ал нақты көлем индексі 102,7% , жұмыртқа саны 6344,6 мың дана болып, нақты көлем индексі 102,0% құрады.
Өсімдік шаруашылығы бойынша, биыл еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін күрделі жыл болды. Бірақ қуаңшылық жағдай біздің елде ғана емес, әлемдік астық державаларында да байқалады. Бұған қарамастан, ағымдағы жылға жоспарланған 219,5 мың га ауыл шаруашылығы дақылдарын егу, егіс құрылымының индикативтік көрсеткіштеріне сәйкес жүргізілді яғни 159329 га дәнді, мал азығы дақылдары 48030 га, майлы дақылдар 10081 га картоп 300 га, көк-өніс 120 га, бақша 40га. толықтай орылып, егіс алқабынан уақытылы жиналып алынды.
Егіс науқанын жүргізу үшін 13 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 4 ауыл шаруашылығы кооперативі және 107 шаруа қожалықтары мен көктемгі далалық жұмыстарына 119 трактор (К-700- 86,ДТ-33), 480 тұқым сепкіштер, 28 егіс кешендері мен 27 трактор тіркемесімен және 49 жүк автомашиналары тіркемелерімен және 501 адам қатысты.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан көктемгі-далалық жұмыстарын жүргізуге 2479 тонна және күзгі-далалық жұмыстарын жүргізуге 2641 тн. арзандатылған дизель отынын бөлініп, тасылынып алынды.
Мал шаруашылығы бойынша, биылғы жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 1400 бас асыл тұқымды ірі қара мал және отандық 2590 бас асыл тұқымды қой сатыпалынды.
Жер қатынастары
Әйтеке би ауданының жалпы жер көлемі 3 миллион 589 мың га, соның ішінде егістігі 224 мың га, шабындығы 28 мың га, жайылымдығы 3 миллион 161 мың га құрайды.
Соның ішінде:
- Аудан бойынша 2021 жылдың 1 қарашасына 444 жер пайдаланушылар, оларға пайдалануға берілген жалпы көлемі 1 миллион 290 мың га, соның ішінде егістік 224 мың га, тыңайған жер 2086 мың га, шабындық 5 мың 816 га және жайылымдық 1 миллион 39 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері пайдалануға берілді.
- Ауданның 27 елді-мекендеріне тұрғын халықтың мұқтажына пайдаланылатын 731,4 мың га жерлері.
- Өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер 5,9 мың га табысталды.
- орман қоры жерлері 19 мың га.
- ауданның босалқы жер қоры 1 миллион 540 мың га, соның ішінде тыңайған жер 51 мың га, шабындық 11 мың 675 га және жайылымдық 1 миллион 392 мың га.
Әйтеке би ауданы бойынша жыл басынан ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерінің иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтежесінде, барлығы 53224 гектар мемлекеттік босалқы жер қорына қайтарылды.
Конкурс арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері конкурсқа 78 учаскесі шығарылып, жалпы көлемі 127613 га, оның ішінде егістік 2263 га жер учаскелері өтеулі ұзақ мерзімге табысталады.
Ағымдағы жылы аудан бойынша коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін аукцион арқылы сату үшін 7 жер учаскесі ойнатылып, соның 6 жер учаскесі сатылды. Сату құны жалпы соммасы 1 702 605 тенгені құрады.
Әйтеке би ауданы бойынша елді-мекендерге бөлінген тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын мал жайылым жерлерін қайта қарап, ұлғайту бойынша ағымдағы жылы Әйтеке би ауданының 10 ауылдық округ елді мекендерінің жер-шаруашлықы құрылымының жобалары жасалды. Яғни, олар Қарабұтақ, Аралтоғай, Үшқатты, Жамбыл, Ақкөл, Жабасақ, Сарат, Қызылжұлдыз, Әйке, Тұмабұлақ ауылдық окурігтері жалпы көлемі 115 633 гектарға ұлғайтылды. Аталған жобалар Әйтеке би аудандық маслихаттының шешімімен бекітілді.
Сонымер қатар, аудан бойынша 2021 жылы жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жоспарланған 14 жер учаскесі табысталды
Кәсіпкерлік
2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1342 бірлік өткен жылмен салыстырғанда 115,3%, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 1298 бірлік.
Жалпы ауданда тіркелген жеке кәсіпкер – 592 бірлік, шаруа қожалығы – 669 бірлік, ЖШС – 81 бірлік. Олардың жұмыс жасап тұрғаны жеке кәсіпкер – 566 бірлік, шаруа қожалығы – 663 бірлік, ЖШС – 69 бірлік.
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы:
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы инфрақұрылым жүргізуге 3 кәсіпкер құжаттарын тапсырды, оның ішінде 3 жоба мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын аясында грант бойынша 2 жоба 6,5 млн. теңгеге мақұлданды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде бүгінгі күнге аудан бойынша 7 жоба ұсынылды, оның ішінде 5 жоба қаржыландырылып, Аграрлық несие корпарация арқылы мақұлданды.
Құрылыс саласы
Жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілетін тұрғын үй ғимараттардың жалпы алаңы – 11403 шаршы метр болды, бұл, өткен 2020 жылмен салыстырғанда 101,6% -ды құрады.
Орындалатын құрылыс жұмыстарының көрсеткіші жобамен 4 млрд. 220 млн. 894 мың теңге қаражатты құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 135,8 %-ды құрады.
Сонымен бірге, «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Комсомол ауылында (Темірбек Жүргенов ауылы) екі екі қабатты сегіз пәтерлі жалға беру-коммуналдық тұрғын үй салу» (сыртқы инженерлік желілерсіз) нысанының құрылысы басталып 30,0 млн. теңге қаражат игерілді. Жоба құны 175,435 млн. теңге. (мердігер-«РБ-Строй»ЖШС)
Автомобиль жолдары
Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын және көше-жол желілерін жөндеу жұмыстарына аталған бөлімге барлық бюджет түрлерінен 859,359 млн.теңге бөлініп, 14 жоба жүзеге асырылуда.
Осылардың 6 жобасы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарабұтақ ауылында ауылішілік 4 көшеге, яғни Оразалин (мердігер-«Ремгорстрой»ЖШС), Балтеміров, Момышұлы, Аманкелді және Алдекешов (мердігер-«Damu Construction NS»ЖШС) Талдысай ауылында ауылішілік 2 көшеге, яғни Кооперативная (мердігер-«Ntiger»ЖШС), Комсомольская (мердігер-«Наби Алиянс»ЖШС) көшелерінің жолын орташа жөндеуге 388,425 млн. теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта, Талдысай ауылындағы ауылішілік Комсомольская (мердігер-«Наби Алиянс»ЖШС) көшесінен басқасының жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға қабылданды.
Облыстық және аудандық бюджеттен қаралған қаражаттар бойынша 2021 жылы Қарабұтақ ауылында ауылішілік 1 көшеге, яғни Жангелдин (мердігер-«Ремгорстрой»ЖШС), Темірбек Жүргенов ауылында Әуезов, Парковая, Ардагерлер («БатырТуранТранс» ЖШС-і), Кенесары хан, С.Алматұлы – («Damu Construction NS»ЖШС) Былшық би және Канахин (мердігер-«Ntiger»ЖШС) көшелерінің жолын орташа жөндеуге 470,903 млн. теңге қаражат бөлінді. Аталған ауылішілік автомобиль жолдары бойынша Темірбек Жүргенов ауылында Әуезов, Парковая, Ардагерлер («БатырТуранТранс» ЖШС-і), Былшық би (мердігер-«Ntiger»ЖШС) пайдалануға қабылданып, қалған көшелерді толық аяқтауға асфальтбетон материалының болмауына байланысты келесі жылға өтпелі жұмыс есебінде қалдыру жоспарда.
Республикалық, облыстық трансферттерден берілген аудандық маңыздағы жолдарды орташа жөндеу бойынша:
«Аудандық маңызыдағы «Светлый-Құмқұдық-Жабасақ» бар автожолды орташа жөндеу» 10-23 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігер мекеме - «Ассана ДорСтрой» ЖШС-і. Жалпы жоба құны - 462,280 млн.теңге. ағымдағы жылы игерілген қаражат 191,119 млн.тенге. 13 шақырым автомобиль жолының 7 шақырымына асфальт-бетон жамылғысы төселді.
«Аудандық маңызыдағы «Светлый-Құмқұдық-Жабасақ» бар автожолды орташа жөндеу» 0-10 шақырым учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме - «МехРемСервис-Автоматика» ЖШС-і. Жалпы жоба құны - 344.500 млн.теңге.
Ауданішілік маңызы бар 428 шақырым жолдарды қалпына келтіру немесе жөндеу бойынша 2020-2025 жылдарға жоспар жасалды. Сонымен бірге, аудандық маңыздағы «Карабутак-Иргиз-Акколь» 0-32 шақырым учаскесіне» және «Карабутак-Комсомол-Северное»-Сарат-Кырыккудук-Тымабулак» 0-45 шақырым учаскесіне» орташа жөндеуге 2 жобаға техникалық құжаттар дайындалды. Сонымен бірге, осы жобаларға сараптама қорытындысын алынып бюджеттік өтінім берілді.
Сумен қамтамасыз ету
Аудан аймағында 15 елді мекен орталықтанған су құбырымен қамтылды.
2020 жылы «Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Толыбай ауылындағы су құбыры құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстары 2021 жылы ақпан айында пайдалануға қабылданды.
2020 жылы «Ақтөбе облысы, Айтеке би ауданы, Сарат ауылында су құбырлары желісінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстарын 2021 жылы тамыз айында пайдалануға қабылданды.
2020 жылы «Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Ақкөл ауылында сумен
жабдықтау объектілерінің құрылысы» нысанының құрылыс жұмыстары басталып, құрылыс жұмыстары 2021 жылы ақпан айында пайдалануға қабылданды.
Белқопа ауылына су құбырын жүргізуге қатысты мемлекеттік сатып алу порталына хабарлама берілді. 2021 жылға 1,0 млн. теңге қаражат қаралып, 2022 жылы құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарда.
Аққұм, Ұлғайсын ауылдарына су құбыры желілерін тартуға қатысты жоба жасақталуда. Қарабұтақ ауылының су құбыры желісіне қатысты Қарабұтақ ауылының пайдаланудағы су құбырын, Еңбекту ауылының су құбырын және Жарөткел ауылын су құбыры желісімен жабдықтау жоспарда.
2021 жылы Аралтоғай ауылдық округі әкімдігінің тапсырысы бойынша Аралтоғай ауылдық округі Қияқты ауылына блок модулді сумен қамтамасыз етілді.
Газбен қамтамасыз ету
Ауданның 27 елді мекеннің 10 елді мекені (яғни, ауданның жалпы елді мекен санынан 37%) газбен қамтамасыз етілді. Ал, аудан халқының жалпы санынан 62% көгілдір отынды пайдалануда.
Әйтеке би ауданының Құмкұдық ауылына газ құбырын тартуға – 1,1 млрд теңге, бастапқы жұмыстары жүргізілді. Толық аяқтау 2022 жыл.
Әйтеке би ауданы Белқопа және Аралтоғай ауылдарына жеткізуші және кентішілік газ құбырын салуға – 375,134 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Әйтеке би ауданы Үшқатты және Сарат ауылдарындағы жүргізілген және кентішілік газ құбырын салуға ЖСҚ және МС әзірлеуді аяқтауға – 17 млн теңге бөлінді.
Мәдениет
Сарат, Құмқұдық, Үшқатты, Ақкөл, Ақтасты, Тереңсай ауылдық клубтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. «Целинник» мәдениет үйі, Қарабұтақ, Әйке, Жабасақ ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары үшін ЖСҚ әзірленді. Қарабұтақ ауылдық клубына күрделі жөндеу жүруде. «Целинник» МҮ мемлекеттік сараптамасы жұмыстары жүргізілуде. Кітапхана қорына 553 жаңа кітап сатып алынды. Ауылдық клубтардың жылу қазандықтары жаңарту үшін қаржы бөлінді. (Қарабұтақ ауылдық кітапханасына, Құмқұдық, Басқұдық ауылдық клубтарға жылу қазандықтарын орнататылды.).
Темірбек Жүргенов ауылына қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың бүйісі орнатылды. Орталық кітапхана ғимараты жаңа ғимаратқа көшіріліп орналастырылды. КОВОРКИНГ орталығының толық жабдықтары сатып алынып орталық қазан айынан бастап жұмыс жасап келеді. Аралтөбе ауылдық клуб ғимаратын бейімделген клуб ғимараты сатып алынып қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдысай ауылына 150 орындық ауылдық клуб ғимаратын салу үшін ЖСҚ әзірлену үстінде. Тарихи ескерткіштерге QR кодтар орнатылды.
Әбілхайыр хан кесенесі, Хан моласы қорымы айналасы қоршалып, шырақшы үйі салынды.
Әйке, Қарабұтақ, Талдысай, Құмқұдық,Аралтоғай ауылдарына спорттық ангарлар салу үшін ЖСҚ әзірленіп мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
Жұмыспен қамту мәселелерін шешу мақсатында, ауданда 2021 жылға Кешенді жоспар әзірленді, соның аясында 2737 адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. 2021 жылдың 15 желтоқсанға Кешенді жоспардың орындалуы 107%-ды яғни 2932 адамды құрады.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы 3 бағытта іске асырылады.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:
Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 61 адам оқуға жолданды. Бұл шара оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бірінші жұмысшы кәсіппен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұдан басқа, биылғы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 60 адам оқыту жоспарланып. Осыған 15,0 млн теңге қаражат бөлінді.
Есепті кезеңге оқуға 60 адам яғни жоспардың 100 %-ы жіберілді.
Соның ішінде, 52 адам жұмыспен қамтылды, ал қалған 7 адам жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналға мемлекеттік грант алды, 1 адам әлеуметтік жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша:.
Биылғы жылы 55 адам микрокредитпен қамтылады деп жоспарланды. Осыған орай республикалық бюджеттен 242,0 млн теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 47 микрокредит берілді, жалпы қаражат көлемі 347,0 млн. теңге несие беріліп, қаражаттың 143%-ы игерілді.
Сонымен қатар, қайтарылған қаражат (реинвестированные) есебінен 13 адамға 55,1 млн. теңгеге шағын несие берілді.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнесті жүргізуге 85 адамды оқыту жоспарланып, кәсіпкерлік оқытуға 95 адам жолданды.
Мемлекеттік грант бойынша 123 адамға 71,7 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар берілді.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша:
Үшінші бағыт шеңберінде келесідей жұмыспен қамту шаралары қарастырылған: әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы мен қоғамдық жұмыстарға жолдау.
- Әлеуметтік жұмыс орындарына 121 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын, 121 адам жұмысқа орналасты яғни 100%.Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыстарын аяқтаған 49 адамның ішінен 37 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 75,5%.
- Жастар практикасына 115 адамды жолдауға жоспар құрылды, 113 адам жолданды немесе 98,2 %. Жастар тәжірибесін аяқтаған 59 адамның ішінен 33 адам тұрақты жұмысқа орналасты немесе 56%. Жастар тәжірибесіне 33,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Есепті кезеңде 26,0 млн теңге игерілді.
- Қоғамдық жұмыстарға 657 адам жолданды, негізі жоспар 622 адам.
Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде бос жұмыс орындарына 1641 адам жұмысқа орналастырылды, жоспар 1485 адам (110,5%), соның ішінде Enbek.kz портал арқылы – 391 адам, яғни 31,2 %.
Ағымдағы жылы ауданда есептке тұрған мүмкіндігі шектеулі 523 адам, соның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны-64 жан. 2021 жылы аудан бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлығы 325 мүгедек 26,2 млн теңге қаражатпен мүгедектерге арналған техникалық көмекші құралдарымен қамтамасыз етілді. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша 11 мүгедек баланың ата-анасына 670,9 мың теңге қаражат төленді.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша мүгедектер күніне орай 50,0 мың теңге мөлшерінде 523 мүгедекке 26,2 млн. теңге көлемінде қаражат төленді.
2021 жылдын 1 желтоқсанына Атаулы әлеуметтік көмекке 896 адамы бар 166 отбасыға 37,1 млн теңге тағайындалып, 31,6 млн теңге төленді. Соның ішінде РБ -15,8 млн теңге, ОБ -15,9 млн теңге төленді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет 1 жастан 6 жасқа дейінгі 203 балаға 1078 дана беріліп, Р.Б -5,2 млн теңге, ОБ-1,1 млн теңге төленді.
Білім беру
«Әйтеке би ауданы білім бөлімі» ММ-не қарасты жалпы білім беретін мектеп саны – 30 бала саны – 4420 (қазақ тілінде - 3962 оқушы, орыс тілінде – 459 оқушы), оның ішінде: бастауыш мектеп - 2 (бала саны - 22); негізгі мектеп - 5 (бала саны -223); орта мектеп - 23 (бала саны - 4176). 2021 – 2022 оқу жылындағы 1 тоқсан бойынша ауданның білім сапасы –53,1%
Мектепке дейінгі білім беру
Әйтеке би ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсету мақсатында 20 мектепке дейінгі ұйым (оның ішінде 1 жеке меншік) және 16 шағын орталық жұмыс жасауда. Бала бақшадағы тәрбиеленушілер саны -779. Шағын орталықтағы тәрбиеленушілер саны – 308, 1-6 жас 97%, 3-6 жас 100% қамтылуда.
Оқушылардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру
Биылғы жазғы кезеңде,жергілікті қаражат есебінен аудан мектептерінен жетім,ААҚҚ және көпбалалы отбасынан 46 оқушы Ақтөбе қаласындағы «Campit» лагерінде демалды. 2021 жылғы 18-19 қыркүйек аралығында Ырғыз ауданының «Жаманшың» жеріне 15 оқушы саяхат жасады.
«Балдәурен» оқу - сауықтыру орталығының квотасы негізінде, 3.09- 22.09 қыркүйек аралығында дарынды,жетістікке жеткен ауданымыздан 8 оқушы «Балдәурен- Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып қайтты.
«Балдәурен» оқу- сауықтыру орталығының квотасы негізінде, 8.11-27.11 қараша аралығында дарынды,жетістікке жеткен ауданымыздан 9 оқушы «Балдәурен- Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалды.
Күрделі жөндеу:
«Қыналы негізгі орта білім береті мектебі» КММ-нің ғимаратына, «Т. Жүргенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жылу жүйесіне күрделі жөндеу және «М. Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің стадионына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды
2021 жылға жоспарланған Тереңсай ЖОББМ, Абай ат.ЖОББМ, Үшқатты ЖОББМ, Еңбекту ЖОББМ, Санаториялық үлгідегі «Балдырған» балалар мекемесі, Айгөлек МДҰ мекемелерінің жөндеуді қажет ететін жұмыстарына 13 800,00 теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттары дайындалды.
Модернизация
Аудан бойынша 7 мектепке модернизация жүргізу үшін 84 418,00 мың теңге бөлінді. Физика, химия, биология сияқты пәндік кабинеттерге 6 мектепке 33 076,00 мың тг, кітапханаларды жаңғырту мақсатында 2 100,00 мың теңге, мектеп асханаларын жаңарту үшін 12 134,00 мың теңге, мектеп жиһазын жаңартуға 28 108,4 мың теңге, мектептерді әрлеу безендіруге 9 000,00 мың тг бөлінген. Модернизациядан өтетін мектептердің консепциясы дайындалып, мемлекеттік сатып алулар порталы арқылы, сатып алу жұмыстары жүргізіліп, Т.Жүргенов ат.ЖОББМ, Қыналы НОББМ, М.Жұмабаев ат. ЖОББМ, Қ.Шаңғытбаев ат. ЖОББМ, С.Оразалин ат. ЖОББМ, Ж.Сәрсенов ат. ЖОББ мектептеріне сатып алынған заттар жеткізіліп әрлеу, безендіру жұмыстары толық аяқталды.
Ішкі саясат
Аудан бойынша жалпы ахуал тұрақты.
Жалпы, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап тікелей эфирде 164 брифинг ұйымдастырылды. 2021 жылдың 10 айында инстаграмм парақшаларында 138 видео, 140 инфографика жарияланды. Аудандық «Жаңалық жаршысы» газетіне инфекциядан сақтану шаралары туралы 27 ақпарат жарияланды. Жалпы аудан бойынша аталған жылдың он айында 163 аз қамтылған отбасылар мен жалғызбасты зейнеткерлерге 8 427 000 теңгенің қайырымдылық шаралары жасалды. Қазан айында қарттар күніне орай 162 аудан қарттарына 1 140 000 мың теңгеге азық-түлік пакеттері, 89 қария үйіне 790 мың теңгеге мал азығы таратылды, 90 мүгедек жанға 400 мың теңгеге азық-түлік пакеттері таратылды. Қазан айының 18-19 кундері облыстық ақпараттық топ мүшелері ауданымызда іс сапармен болып, 7 ауылдық округте болып 7 кездесу өткізді, ол шаралармен 400- ден астам адам қамтылды.1 қазан қарттар күніне орай аудандық ардагерлер Кеңесіне аудандық мәдениет үйінен бөлме беріліп, ардагерлер Кеңесі жаңа құраммен жұмысқа кірісті. 28 қазан күні ардагерлер Кеңесінің алғашқы шарасы «Батаменен ел көгерер» байқауы өткізіліп, 6 ауылдық округтен 8 батагөй қарт қатысты.
Аудандағы діни ахуал
Аудандағы діни ахуал тұрақты. Ауданда 4 мешіт жұмыс жасайды, барлығы имамдармен қамтамасыз етілген, имамдардың жалақысы толықтай шешілген. Ауданда дін ұстанушы азаматтардың басым көпшілігі Ислам дінінің Ханафи мәзхабын ұстанушылар. Аудан әкімі жанындағы Діни бірлестітіктер байланыс жөніндегі Кеңес бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде, діни Кеңестің 2 отырысы өткізілді. Жыл басынан бері баспасөз ақпараттық құралдарында 11 мақала және инстаграм әлеуметтік желісінде 29 тікелей эфир өткізіліп, 468 қаралым жинады, Фэйсбук Вконтакте Инстаграм парақшаларымызда жалпы 554 діни мәліметтер жарияланды.
Аудандық жоспарға сәйкес 77 іс-шара қарастырылған, оның ішінде 50-ден шара орындалды. Оның ішінде халықаралық іс-шаралар жоқ, 2 республикалық іс-шаралар, 3 облыстық іс-шаралар, 71 аудандық деңгейдегі іс-шаралар жоспарланған. Аудандағы ауылдық округтер бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында 18 билборд орналастырылды.
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған 86 материал аудандық «Жаңалық жаршысы» газеті бетінде жарияланды.
Әлеуметтік желілерге 100 астам материал орналастырылды.
Ұялы байланыспен қамтамасыз ету
Темірбек Жүргенов ауылында Beeline мобильді интернетінің жылдамдығы арттырылды, 4G желісі қосылды. Жабасақ және Тұмабұлақ ауылдарындағы ұялы байланыс сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді.
Белқопа және Милы елді мекеніндегі ұялы байланыс сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Талдық ауылын ұялы байланыс желісімін қамтамасыз ету және Ақтасты ауылындағы ұялы байланыс сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілді.
2022 жылға арналған міндеттер туралы
Сөзсіз, біздің негізгі міндетіміз – бұл Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қойған стратегиялық мақсаттарын орындау. Жергілікті атқарушы органдар біздің азаматтарымыздың өмірінің сапасын арттыруға бағытталған өзіндік дамыту тапсырмалары мен мақсаттарын үйлестіруі қажет.
2022 жылға арналған міндеттер:
1.Әйтеке би ауданының «Светлый-Құмкұдық-Жабасақ-Байжанкөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 10-23 км учаскесін орташа жөндеуін аяқтау.
2.Үшқатты ауылында жеткізуші және кентішілік газ құбырын салу.