2022 – 2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2022 – 2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына  сәйкес, Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты  ШЕШТІ :

1. 2022-2024 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше  1, 2 және 3 қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде  бекітілсін:

1) кірістер                                                                              28 894 мың  теңге;

салықтық түсімдер                                                                 2 558  мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                                        0 теңге;

трансферттер түсімі                                                              26 336 мың теңге;

2) шығындар                                                                           28 894 мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                                 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо  0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                                      0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем.

  1. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 желтоқсандағы "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 Аты-жөні

Дата публикации
05 января 2022