2022 – 2024 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2022 – 2024 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына  сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2022-2024 жылдарға  арналған Сарат ауылдық округ  бюджеті тиісінше  1, 2 және 3 қосымшаларға  сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде  бекітілсін:

1) кірістер                                                                           20 310,0 мың  теңге;

оның  ішінде:

салықтық түсімдер                                                               923,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                           0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер                              0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                           19 387,0 мың теңге;

2) шығындар                                                                       20 310,0 мың теңге.

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                         0 мың теңге;

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер                                                                     0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                                          0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу                                                         0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                              0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық;

мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.

  1. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 02 желтоқсандағы "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.

  1. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1)  осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

 Аты-жөні

Дата публикации
30 декабря 2021