2022-2024 жылдарға арналған Жабасақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

2022-2024 жылдарға арналған Жабасақ ауылдық округ

бюджетін бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022-2024 жылдарға арналған Жабасақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2022 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

      1) кірістер – 28393,0 мың теңге,

оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 1043,0 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 27350,0 мың теңге;

      2) шығындар – 28393,0 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін:

      мүлікке салынатын салықтар;

      жер салығы;

      көлік құралдарына салынатын салық.

  1. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 02 желтоқсандағы "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабынасәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

      1) жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге;

      2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш  3 063 теңге;

      3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 36 018 теңге.

  1. 2022 жылға арналған аудандық бюджеттен Жабасақ ауылдық округ бюджетіне берілетін субвенция көлемі 27 350,0 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • Осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін, Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

Дата публикации
30 декабря 2021