2022 – 2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

 ЖОБА

 2022 – 2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына                                  сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2022 – 2024 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер                                                                     25 788 мың теңге;

оның ішінде:

салықтық түсімдер                                                         1 541 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                                        0 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                      24 247 мың теңге;

2) шығындар                                                                 25 788 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                                                 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)                                        0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                    0 мың теңге.

  1. Ауылдық округ бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:

мүлікке салынатын салықтар;

жер салығы;

көлік құралдарына салынатын салық.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

  1. Мәліметке және басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 02 желтоқсандағы "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап белгіленді:

1) жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге;

2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге;

3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 36 018 теңге болып белгiленсiн.

  1. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1)  осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
29 декабря 2021