Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, салық салу және сату мақсаттары үшін Әйтеке би ауданының елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

 

Жоба

  

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, салық салу және сату мақсаттары үшін Әйтеке би ауданының елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын бекіту туралы

     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы                20 маусымдағы Жер кодексінің 9 бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық Кодексінің 510-бабының сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, салық салу және сату мақсаттары үшін Әйтеке би ауданының елді мекендеріндегі жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекараларын 1-16 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
  2. Әйтеке би ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 17 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Ақтөбе облысының  Әділет департаментінде  мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың                               Аудандық мәслихаттың

сессия төрағасы                                             хатшысы

Дата публикации
14 декабря 2021