Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 45 214,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 368 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 32 мың теңге;
трансферттер түсімі – 43 846,5 мың теңге;
2) шығындар – 45 225,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -10,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
10,8 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 10,8 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Әйтеке би аудандық мәслихаттың хатшысы |
|
Е.Б.Таңсықбаев |