Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 519 «2021 – 2023 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 519 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7970 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Қызылжұлдыз ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 44 798 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 766 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 44 032 мың теңге;

 2) шығындар – 45 048,3 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -250,3 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
250,3 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 250,3 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әйтеке би аудандық мәслихаттың хатшысы

 

 

Е.Б.Таңсықбаев

Дата публикации
25 ноября 2021