Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 513 «2021 – 2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 513 «2021 – 2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың  «2021-2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 513 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7969 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға келесідей көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 65 401,6 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1616 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 63 785,6 мың теңге;

 2) шығындар – 67 445,3 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2043,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2043,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2043,7 мың теңге»;

        көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әйтеке би аудандық

мәслихаттың хатшысы

 

 

Е.Б.Таңсықбаев

Дата публикации
22 ноября 2021