Әйтеке би ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне конкурс жариялайды

Әйтеке би ауданы әкімдігі  ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне

конкурс жариялайды

2003 жылғы 20 маусымдағы №442-ІІ ҚР Жер кодексінің 43, 43-1  баптарын(әрі қарай Кодекс), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Әйтеке би ауданының әкімдігі ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелерін жалға беруге конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1 бабының 9- тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

 Конкурстық ұсыныста:

     1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

       2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

          3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

        Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

       Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

      Кодекстің 43-1 бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

       Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ кодекстің                        43-1 бабының 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

       Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізімі мен  конкурстың қағида талаптарын және жалға беру шартының үлгілерін «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады. (байланыс телефоны:8(71339) 21523

       Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау,  конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында конкурс қайта өткізуге жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң, ал конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он  жұмыс күні ішінде жүргізіледі және өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша қабылданады.

Конкурс өткізу орны: Т.Жүргенов ауылы, Т.Жүргенов көшесі, №62 мекен жайда. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннің ертеңіне сағат 10-00

 

 Конкурсқа шығарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің

 тізбесі

Лот

№

Жер алқабының
қысқаша сипаттамасы,  (орналасуы, ауданорталығынан  қашықтығы, топырақ құнарлығы, сумен қамтылуы, өңірдің мамандануы)

Көлемі,га

Жалға беру мерзімі, жыл

Лот 1

Жайылымдық жерлер, Сұлукөл ауылдық округі  аумағы, аудан орталығынан шамамен  128 км, топырақ бонитеті - 11,  сумен – қамтылмаған,   мал шаруашылығын жүргізу

640

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 15

Жайылымдық жерлер,  Т.Жүргенов ауылдық округінің аумағы, аудан орталығынан шамамен 9 км, топырақ бонитеті - 12,   сумен – қамтылмаған, мал шаруашылығын жүргізу

170

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 47

Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округінің аумағы, аудан орталығынан шамамен 190 км, топырақ бонитеті – 11, Ұлыталдық өзенінің бойы , мал шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 49

Жайылымдық жерлер, Қайрақты ауылдық округінің аумағы, аудан орталығынан шамамен 192 км, топырақ бонитеті – 11, Ащысай өзенінің бойы, мал шаруашылығын жүргізу

1500

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 52

Жайылымдық жерлер, Жабасақ ауылдық округінің аумағы, аудан орталығынан шамамен 113 км, топырақ бонитеті – 9, сумен - қамтылмаған , мал шаруашылығын жүргізу

1000

10 жылдан
49 жылға дейін

Лот 56

Жайылымдық  жерлер, Әйке ауылдық округінің аумағы, аудан орталығынан шамамен 117 км, топырақ бонитеті – 11, мал шаруашылығын жүргізу

2000

10 жылдан
49 жылға дейін

 

Барлығы:

6310 га

10 жылдан
49 жылға дейін

 

 

 

 

Дата публикации
10 ноября 2021