Хабар 2021 жылғы 19 қыркүйекте Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

Хабар

2021 жылғы 19 қыркүйекте Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

 

Ақтасты сайлау округі

Ақтасты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 403 азамат енгізілді, олардың 318-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бұхарбаев Р.Д. – 23; Оразбаев Ж.Ә. – 46; Убайдуллин Д.Т. – 244.

Убайдуллин Дәурен Теміралыұлы, 1991 жылы дүниеге келген, «Әйтеке би ауданы әкімінің аппараты» ММ, ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімшесінің басшысы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясы» ҚБ ұсынған. Ақтасты ауылдық округінің әкімі болып сайланды

 

Әйтеке би   аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 сентября 2021