Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 520 «2021– 2023 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджетінбекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 520 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Сарат ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 33 450 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 530 мың теңге;
трансферттер түсімі – 32 920 мың теңге;
2) шығындар – 33 553,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -103,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
103,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарды – 103,4 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |