«2021-2023 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 512 «2021-2023 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 512 «2021-2023 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7966 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Ақкөл ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 32 431,0 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 630,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 510,0 мың теңге

 трансферттер түсімі – 31 291,0 мың теңге;

 2) шығындар – 32 498,7 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -67,7 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
67,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 67,7 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
10 сентября 2021