Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 509 «2021-2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетінбекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 509 «2021-2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде№ 7977) тіркелген шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2021-2023 жылдарға арналған Қарабұтақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 94055,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5366,0 мың теңге;
трансферттер түсімі –88 689,2 мың теңге;
2) шығындар – 95 021,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -966,1 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
966,1 мың теңге, оның ішінде:
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 966,1 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |