«2021 – 2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың

2021 жылғы 6 қаңтардағы № 513 «2021 – 2023 жылдарға

арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 513 «2021-2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7969 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Аралтоғай ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 65 315,6 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1616 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 63 699,6 мың теңге;

 2) шығындар – 67 359,3 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2043,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
2043,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2043,7 мың теңге»;

        көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 Лауазымы

 

 Аты-жөні

Дата публикации
09 сентября 2021