«2021 – 2023 жылдарға арналған Құмқұдық  ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2021 – 2023 жылдарға арналған Құмқұдық  ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 518 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ШЕШТІ:

1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихаттың «2021-2023 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 518 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7974 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Құмқұдық ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 64 667,5 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1901 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 62 766,5 мың теңге;

 2) шығындар – 65 853 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1185,5 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

1185,5 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1185,5 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
09 сентября 2021