2021– 2023 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 522 «2021– 2023 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ШЕШТІ:

1. «2021-2023 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №522 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7965 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Үшқатты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 31 618,9 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1356 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 30 262,9 мың теңге;

 2) шығындар – 31 696.6 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -77,7 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
77,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 77,7 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

 

Аты-жөні

Дата публикации
06 сентября 2021