Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 517 «2021-2023 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ЖОБА

 Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 517

«2021-2023  жылдарға  арналған Қайрақты ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 ШЕШТІ:

2. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №517  «2021-2023 жылдарға арналған  Қайрақты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7976 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Қайрақты ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 17 020,9 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 641,0 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 16 379,9 мың теңге;

 2) шығындар – 17 553,5 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -532,6 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
532,6 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 532,6 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 сентября 2021