Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №514 «2021-2023  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №514

«2021-2023  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                  4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына,                                  109-1 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 514                        «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7975 тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізуге ұсынылып отыр:

көрсетілген шешімінің 1  қосымшасы осы шешімнің қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         Аудандық мәслихатының «2021 – 2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 03 қыркүйегінде,

 e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 13 тамызында 2021 жылы орналастырылды. Тұмабұлақ ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 13  тамызында  №3 хаттамасымен алынды.

 

Әйтеке би ауданының 

«Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Дата публикации
03 сентября 2021