2021 – 2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

 ЖОБА

 Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы

6 қаңтардағы № 514 «2021 – 2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 ШЕШТІ:

1. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 514 «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7975 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «1. 2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

 1) кірістер – 47295,5 мың теңге, оның ішінде:

 салықтық түсімдер – 1676,0 мың теңге;

 трансферттер түсімі – 45 619,5 мың теңге;

 2) шығындар – 47 528,4 мың теңге;

 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге;

 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге;

 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -232,9 мың теңге;

 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
232,9 мың теңге, оның ішінде:

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 232,9 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
03 сентября 2021