«Қазақстан» РТРК» АҚ ақпараттық хабарламасы
«Қазақстан» РТРК» АҚ
партия мүшелері қатарынан сайланатын Қазақстан Республикасы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарына, өзін-өзі ұсыну тәртібінде кандидаттарына, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге кемінде екі кандидат ұсынылса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары
«Saryarqa», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Kókshe», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyray», «Mańǵystaý» аймақтық телеарналарының меншік иесі - «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» (бұдан әрі - РТРК), «Atyraý» радиоарнасы және «Қазақ радиосы» эфирінде (әрі қарай – Теле-, радиоарланар) өңірлік енгізілімдері бар Батыс Қазақстан облысында, Жамбыл облысында, Солтүстік Қазақстан облысында, Түркістан облысында (бұдан әрі - Теле-, радиоарналар) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Теле-, радиоарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Теле-, радиоарналар эфир уақытын РТРК мен кандидаттар және/немесе партиямен кандидаттарды ұсынатын Қазақстан Республикасы ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдеріне партия мүшелері қатарынан сайланатын кандидаттар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттар және егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге кемінде екі кандидат ұсынылса аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің (бұдан әрі - Кандидат) және Кандидаттың уәкілетті өкілінің арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде береді және Теле-, радиоарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Теле-, радиоарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Теле-, радиоарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио және бейнероликтер;
2) арнайы репортаждар;
3) өзге де Үгіт материалдары.