БАҚ-дары үшін ақпараттық хабар

БАҚ-дары үшін ақпараттық хабар


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралдары сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2021 жылғы 3 қыркүйектен кешіктірмей) хабарлануға және жариялануға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың үгіттік материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын эфирге және баспа алаңына ақы төлеу мөлшері, ұсыну шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін ұсына алмайды. ҚР ӘҚБтК-нің 112-бабына сәйкес заңнаманың осы нормасын бұзу лауазымды адамдарға - 30 АЕК мөлшерінде, заңды тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ақтасты ауылдық округі әкімін сайлау бойынша эфир мен баспа алаңын берудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясына берілуге тиіс.

Дата публикации
27 августа 2021