Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 511
«2021 - 2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 511 «2021-2023 жылдарға арналған Ақтасты ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7963 тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
кірістер:
«39 492,0» сандары «43 670,0» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі:
«38 092,0» сандары «42 270,0» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар:
«39 492,0» сандары «43 670,0» сандарымен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |