Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің
сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалған, Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы С. Таласбаев
Әйтеке би аудандық
сайлау комиссиясының
хатшысы Ә. Әбдіғалиев
Темірбек Жүргенов ауылы,
2021 жылғы 20 тамыз,
№ 14