Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің  сайлауын тағайындау туралы

 Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің

 сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

Әйтеке би ауданы Ақтасты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындалсын:

1. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 21 тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 3 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

2. Ақтасты ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

3. Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2021 жылғы 20 тамыз,

№ 12

Дата публикации
20 августа 2021