Әйтеке би ауданы ауылдық округтер әкіміне кандидаттар ұсыну туралы қорытынды-10.07.2021 жыл

Әйтеке би ауданы ауылдық округтер әкіміне кандидаттар ұсыну туралы қорытынды-10.07.2021 жыл

2021 жылдың 9 шілдесі күні 18.00-ге ұсыну уақыты аяқталды. Аудан бойынша барлығы 7 сайлау округі бойынша 22 кандидат ұсынылды, олардың 14-і (63,64%) саяси партиялардан ұсынылса, 8-і (36,36%) өзін-өзі ұсынғандар.

Саяси партиялар 7 сайлау округі борйынша кандидаттарын ұсынды: «NurOtan» партиясы 6 кандидат, «Ауыл» ХДСП-сы 3 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП-сы 2 кандидат, «АDAL» саяси партиясы 1 кандидат, Қазақстан халық партиясы 2 кандидат ұсынды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам болды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігі анықталып, оларды тіркеу жұмыстары жүруде. Тіркеу 2021 жылдың 14 шілдесінде аяқталады.

Ағымдағы жылдың 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде ұсынылған кандидаттар саны үшеуден кем емес.

Кандидат шығып кеткен және альтернатива болмаған жағдайда (сайлау округінде екі кандидаттан кем болғанда), қолданыстағы заңға сәйкес кандидаттарды ұсыну бес күннен артық емес уақытқа ұзартылады.

Ағымдағы жылдың 10 шілдедегі жағдай бойынша 21 кандидат (95,5%) тіркелді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялың заңының 9 тарау, 113-5 бабына сәйкес кандидаттарды тіркеу қарытындысы туралы ресми хабарлама БАҚ-та жарияланатын болады.

Дата публикации
10 июля 2021