«Әйтеке би ауданы бойынша 2021 жылы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Қазақстан Республикасының Жер кодексінің» 15 бабы 1 тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес, шешім жобасы әзірленді.
«Әйтеке би ауданы бойынша 2021 жылы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» шешім жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 05 мамырда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 26 шілдеде жарияланды.