Әйтеке би ауданы бойынша аудандық маңызы бар  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы

Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 259 «Әйтеке би ауданы бойынша аудандық маңызы бар  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 259 «Әйтеке би ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген қаулының қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

     1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

     2) осы қаулыны Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  А. Алдабергеновке жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                   Д.Ермағанбетов

 

Дата публикации
23 июля 2021