Есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша Әйтеке би ауданы әкімінің ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Есеп беру барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша

Әйтеке би ауданы әкімінің

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Айтылған ескертулер және

ұсыныстар

Ескертулерді және ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар мен орындалу мерзімі

1.      

Үшқатты ауылына жеткізуші және ауыл ішілік газ құбырын салуға ЖСҚ және МС әзірлеуді аяқтау

Газ құбырын салуға ЖСҚ бар. Мемлекеттік сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінуі күтілуде.

2.      

Сарат ауылына жеткізуші және ауыл ішілік газ құбырын салуға ЖСҚ және МС әзірлеуді аяқтау

Газ құбырын салуға ЖСҚ бар. Мемлекеттік сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінуі күтілуде.

3.      

Қарабұтақ ауылына ангар типтегі спорт кешенін салу

Ангар типтегі спорт кешенін салуға ЖСҚ бар. Мемлекеттік сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінуі күтілуде.

4.      

Талдысай ауылына ангар типтегі спорт кешенін салу

Ангар типтегі спорт кешенін салуға ЖСҚ бар. Мемлекеттік сараптамадан өтті, бюджеттік өтінім берілді. Қаражат бөлінуі күтілуде.

5.      

Жабасақ ауылына интернет желісін жақсарту

Жабасақ ауылына 4G интернет желісі орнатылып, жұмыстары толық аяқталды

6.      

Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу

Т.Жүргенов ауылының 7 көшесіне жарық-шамдар орнатылып, жұмыстары толық аяқталды.

7.      

Қарабұтақ ауылының көшелеріндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Маусым айында жұмыстарын бастады. Ұзақтығы  - 3ай.

8.      

Қарабұтақ ауылдық клубының қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу

2021 жылғы 23 маусымда ауылдық клубты қайта жаңарту бойынша конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесі бойынша 50,4 млн теңгеге «РБ-Строй» ЖШС жеңімпаз болып табылды.

 

9.      

Ұлғайсын, Аққұм және Жарөткел ауылдарына орталықтандырылған ауыз су құбыры құрылысының ЖСҚ әзірлеу

ЖСҚ әзірлеуге конкурстық процедуралар жүргізіліп, жеңімпаздары анықталды. Оның ішінде:

-Ұлғайсын ауылындағы сумен жабдықтау құрылысына мердігер: «Сұлутөр Проект эксперт» ЖШС

-Аққұм ауылындағы сумен жабдықтау құрылысына мердігер: «Ақтам-Инжиниринг» ЖШС

-Жарөткел ауылындағы сумен жабдықтау құрылысына мердігер: «Ақтам-Инжиниринг» ЖШС.

Қазіргі таңда жоба әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі аппаратының басшысы                                            Қаржаубаев Е.Ж.

Дата публикации
15 июля 2021