Әйтеке би ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы қаулы

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Әйтеке би ауданының

ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде

сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:

 

1) Аралтоғай сайлау округі - Аралтоғай ауылдық округі аумағының шекараларында;

2) Әйке сайлау округі - Әйке ауылдық округі аумағының шекараларында;

3) Жамбыл сайлау округі - Жамбыл ауылдық округі аумағының шекараларында;

4) Қайрақты сайлау округі - Қайрақты ауылдық округі аумағының шекараларында; 

5) Темірбек Жүргенов сайлау округі - Темірбек Жүргенов ауылдық округі аумағының шекараларында;

6) Тұмабұлақ сайлау округі - Тұмабұлақ ауылдық округі аумағының шекараларында;

7) Үшқатты сайлау округі - Үшқатты ауылдық округі аумағының шекараларында.

 

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

  

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2021 жылғы 25 маусым,

№06

Әйтеке би ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы қаулы
Дата публикации
25 июня 2021