Әйтеке би ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы қаулы

Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

 

 

Әйтеке би ауданының

ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:

 

- Аралтоғай ауылдық округі әкімінің;

- Әйке ауылдық округі әкімінің;

- Жамбыл ауылдық округі әкімінің;

- Қайрақты ауылдық округі әкімінің;

- Темірбек Жүргенов ауылдық округі әкімінің;

- Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің;

- Үшқатты ауылдық округі әкімінің.

 

  1. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымнан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы                      9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  2. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Осы қаулы Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.

 

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                       С. Таласбаев

 

   Әйтеке би аудандық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                                      Ә. Әбдіғалиев

 

 

 

 

Темірбек Жүргенов ауылы,

2021 жылғы 25 маусым,

№05

Әйтеке би ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы қаулы
Дата публикации
25 июня 2021