ПРЕСС-РЕЛИЗ
Кәсіпкерлікті қорғау мәселелері Қазақстан Республикасының Президентінің 01.09.2020 жылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында нақты көрсетілген.
Жолдауға сәйкес, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, кәсіпкерлердің өтініштерін қарау прокуратура органдарына жүктелді.
Осыған орай, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен қызметіне кедергі жасау фактілерін анықтау мақсатында аудан прокуратурасымен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен мобильді топ құрылды.
Мобильді топ бойынша аудан прокуратурасының және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының сенім телефондары белгіленді. Аудан прокуратурасының сенім телефондары 24/7 режимінде жұмыс жасайды.
Жалпы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жұмыс тобына 6 сигнал түсіп, прокурорлық ден қою актілері енгізіліп, бірқатар кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
Құрметті Әйтеке би ауданының кәсіпкерлері! Мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер жүргізу мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау фактілері бойынша аудан прокуратурасына және кәсіпкерлер Палатасына хабарлауды сұраймыз.
Аудан прокуратурасы: 92-11-79, 8708 280 2097
Кәсіпкерлер Палатасы: 97-90-29, 8 777 726 5593
Әйтеке би ауданының прокуратурасы