|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫ АРАЛТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ |
|
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ АЙТЕКЕБИЙСКИЙ РАЙОН АКИМ АРАЛТОГАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА
|
030100 Аралтоғай ауылы Амангелді көшесі № 15үй 030100 село Аралтогай ул. Амангелды дом №15
тел: 8(713-39) 23-0-02 факс: 8(713-39) 23-0-02 тел: 8(713-39) 23-0-02 факс: 8(713-39) 23-0-02
ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
«04 » мамыр 2021 жыл №15 «04» мая 2021 года
Әйтеке би ауданы Аралтоғай ауылдық округі Аралтоғай ауылының көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35,37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы » Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Аралтоғай ауылының халқының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 21 сәуіріндегі №2 қорытындысы негізінде, Аралтоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Аралтоғай ауылдық округі Аралтоғай ауылының келесідей көшесі:
«Абай Құнанбаев » көшесі – «Қайрат Рысқұлбеков» көшесіне
2.Айтеке би ауданының «Аралтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін .
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Аралтоғай ауылдық округінің әкімі: С.А.Дуйсенбаев