«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

  «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, қаулы жобасы әзірленді.

          «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 19 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 19 сәуірде жарияланды.

   Темірбек Жүргенов ауылы                                                                                   село Темирбека Жүргенова

 

 

                                                                                                               

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының        2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Prime Gold Mining Limited» жеке компаниясымен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 1760 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2024 жылдың 12 желтоқсанға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Дата публикации
18 апреля 2021