«Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күшін жою туралы» қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, қаулы жобасы әзірленді.
«Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» қаулы жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 07 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 07 сәуірде жарияланды.
|
Әйтеке би ауданы әкімдігінің қаулысына № қосымша
|
Әйтеке би ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 95 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 15 мамырда №7096 болып тіркелген);
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 66 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 15 сәуірде №7054 болып тіркелген);
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 92 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 29 сәуірде №7077 болып тіркелген);
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 152 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 17 шілдеде №7306 болып тіркелген);
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 182 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 4 тамызда №7397 болып тіркелген);
- Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 199 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылы 1 қазанда №7503 болып тіркелген);
Темірбек Жүргенов ауылы село Темирбека Жүргенова
Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Әйтеке би ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.