Әйтеке би ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының 2020 жылдың мониторингі бойынша
талдамалық жазбахат
Бағдарлама құжатының деректемелері: Әйтеке би аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 279 «Әйтеке би ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» шешімімен бекітілді.
Бағдарламаға аудандық мәслихат сессиясының 2020 жылғы 13 қарашадағы №494 шешімімен өзгерістер енгізіліді.
Нысаналы индикаторлар 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасына сәйкес декомпозицияланған, облыстық салалық басқармаларымен келісілген.
Бағдарламаны іске асыру бойынша 2020 жылға арналған іс - шаралар жоспары 4 бағыт бойынша "Экономика", "Әлеуметтік сала", "Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртіп", "Инфрақұрылым" қамтылған және іске асыруға жалпы соммасы 3906,4 млн.теңге 37 іс - шара жоспарланған. Оның ішінде: "Экономика" бағыты бойынша жалпы сомасы 302,5 млн. теңгеге 5 іс - шара, "Әлеуметтік сала" бағыты бойынша 509,0 млн. теңге сомасына 17 іс-шара, "Инфрақұрылым" бағыты бойынша 3094,9 млн. теңге сомасына 14 іс-шара, "Қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртіп" бойынша қаржыландыруды қажет етпейтін 1 іс-шара қарастырылған.