Құмқұдық ауылдық округі әкімінің «шектеу шараларын тоқтату және Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»шешімінің жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Құмқұдық ауылдық округі әкімінің

 «шектеу шараларын тоқтату және Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»шешімінің жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы                  10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 08 сәуірдегі №2-8/54 ұсынысының негізінде, Құмқұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1.Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округінде орналасқан «Миялытау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шилібөгет жайылымы аумағында жылқылардың ринопневмониясы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу шаралары тоқтатылсын.
  2. Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8067 тіркелген, 2021 жылғы 02 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Әйтеке би ауданының «Құмқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

         Құмқұдық ауылдық округі әкімінің «Шектеу шараларын тоқтату және Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»  жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 13 сәуірде, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылдың 13 сәуірден орналастырылды

Құмқұдық ауылдық округі әкімінің «шектеу шараларын тоқтату және Әйтеке би ауданы Құмқұдық ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 24 ақпандағы №7 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы»шешімінің жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
Дата публикации
13 апреля 2021