«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына және 71-1 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, қаулы жобасы әзірленді.

          «Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 30 наурыздағы, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2021 жылы 27 ақпанда жарияланды.

 

Қауымдық сервитут белгілеу туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер  кодексінің 17 бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4 тармағына және 71-1 бабының         2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Qaz Diatom Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау бойынша жұмыстарын жүргізу үшін, Әйтеке би ауданы аумағында орналасқан жалпы алаңы 1300 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен.

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«Қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Дата публикации
29 марта 2021