Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №514 «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ

Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №514

«2021-2023  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                  4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына,                                  109-1 бабының 4 тармағына сәйкес аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 514                        «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7975 тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізуге ұсынылып отыр:

көрсетілген шешімінің 1  қосымшасы осы шешімнің қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         Аудандық мәслихатының «2021 – 2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 15 наурызында, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 18 ақпанда 2021 жылы орналастырылды. Басқұдық ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы 15 ақпанда  №2 хаттамасымен алынды.

 

Әйтеке би ауданының 

«Тұмабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

 

 ЖОБА

 

Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 514

«2021-2023  жылдарға  арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін

бекіту туралы» шешіміне өзгерістеренгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                                  4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына,                                  109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 514 «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7975 тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

           1 тармақта:

           1) тармақшасында:

           кірістер           

           «35 394,0» сандары «41 584,0» сандарымен ауыстырылсын;

           оның ішінде:

           трансферттер түсімі

           «33 718,0» сандары «39 908,0» сандарымен ауыстырылсын;

 2)  тармақшасында:

 шығындар

 «35 394,0» сандары «41 816,9» сандарымен  ауыстырылсын.

  • таза бюджеттік кредиттеу                                              0,0  мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо                                             0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профицит)

   «0,0» сандары «- 232,9» сандарымен  ауыстырылсын;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                                            

   «0,0» сандары «- 232,9» сандарымен  ауыстырылсын;

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. «Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппеносы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №514 «2021-2023 жылдарға арналған Тұмабұлақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына БАСПА-РЕЛИЗІ
Дата публикации
15 марта 2021