Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 508
«2021 - 2023 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
жобасына
ПРЕСС-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №508 «2021 - 2023 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7964 тіркелген, 2021 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізу ұсынылып отыр:
көрсетілген шешімінің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №508 «2021 – 2023 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 9 наурызда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 12 ақпанда 2021 жылы орналастырылды. Әйке ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2021 жылы11 ақпандағы №2 хатымен алынды.
ЖОБА
Аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 508
«2021 - 2023 жылдарға арналған Әйке ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, 109-1 бабының 4 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер
«68 871,0» сандары «74 111,7» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі
«66 609,0» сандары «71 849,7» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар
«68 871,0» сандары «75 670,4» сандарымен ауыстырылсын.
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |