Әйтеке би ауданының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы

Әйтеке би ауданының   2021-2025 жылдарға арналған аумақтық дамыту бағдарламасы

     Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы – ауданның  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  негізгі бағыттарын  анықтайтын  басты  стратегиялық құжат.

2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасына    енгізілген  өзгерістер бойынша Аумақты дамыту  бағдарламасы  жалпы  3 бағытты қамтитын   25  индикатордан  тұрды.

Ауылдық  аумақтарды дамыту бағдарламасын  аудандар үшін  оңтайландыру барысында   маңыздылығын жойған  және базалық  көрсеткіштер  тізбесіне жатпайтын 14 индикатор алынып тасталып, жаңадан 10 индикатор қосылды.

Осылайша , бүгінгі таңда  Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы  3 негізгі бағытты, 21  мақсатты  индикаторды қамтиды.

Бірінші бағыт: Экономика

Бұл бағыт өңірлік макроэкономика, өнеркәсіп, инвестициялар, ауылшаруашылығы өнеркәсіп кешені және шағын орта бизнес  салаларын  қамтиды.

Екінші бағыт :  Әлеуметтік сала .

Әлеуметтік сала еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау, спорт, мәдениет  салаларын қамтиды .

Үшінші бағыт : Инфрақұрылым

Бұл бағыт  құрылыс,  жол, су, газ салаларын қамтиды.

        Бүгінгі күні ұсынылатын дерекетер аудан экономикасының   салалық бөлімдерімен  жасалынып, облыстық басқармалармен  келісілді.

Программа развития территории Айтекебийского района на 2021-2025 годы
Дата публикации
14 февраля 2021