2021 - 2023 жылдарға арналған Жабасақ ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2021-2023 жылдарға арналған Жабасақ ауылдық округ бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 36 779,0 мың теңге;
салықтық түсімдер 1523,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі 35 256,0 мың теңге;
2) шығындар 36 779,0 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) 0,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0,0 мың теңге.
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық.
1) жалақының ең төменгі мөлшері 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 34 302 теңге.
|
Әйтеке би аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
С. Нуржанов |
|
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Е. Тансыкбаев |