«О титульном перечне автомобильных дорог Айтекебийского района»

Әйтеке би ауданы әкімдігінің «Әйтеке би ауданының автокөлік жолдарының титулдық тізбесі туралы» туралы қаулы жобасына

 

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                       №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының                              2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының                   3-бабының 7-тармақшасына сәйкесқаулысы келесідей мазмұнда бекітілуге ұсынылады:

Әйтеке би ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 «Әйтеке би ауданының автокөлік жолдарының титулдық тізбесі туралы» қаулы жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz  сайтында  2021 жылы     28 қантарда,  e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында                 17 қыркүйекте 2020 жылы орналастырылды.

 

ЖОБА

Әйтеке би ауданы бойынша аудандық маңызы бар  жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атауларын және индекстерін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы                        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының                              2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының                   3-бабының 7-тармағына және 6-бабының 2-тармағына сәйкес,  Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Әйтеке би ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары және индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Әйтеке би аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны  Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
28 января 2021