Әйтеке би ауданы әкімдігінің «Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу» туралы қаулы жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қаулысы келесідей мазмұнда бекітілуге ұсынылады:
Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері, 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, қосымшаға сәйкес белгіленсін.
«Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу» қаулы жобасы www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 28 қантарда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 2020 жылы 01 қыркүйекте орналастырылды.
ЖОБА
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 қазандағы №219 «Әйтеке би ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы №306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген №7232 бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Аудан әкімі |
|
Аты жөні |