2021 жылға Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

2021 жылға Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы                      6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27  баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға Әйтеке би ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Әйтеке би ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 «Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5531 тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;

2) Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 246 Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 97 «Әйтеке би ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5817 тіркелген, 2018 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

  1. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 

 

 

 

 

Әйтеке би ауданының әкімі

 

Д. Ермаганбетов

Дата публикации
02 февраля 2021