Әйке ауылдық округіне қарасты Тереңсай ауылының Ыбырай Алтынсарин көшесін Тереңсай көшесі атауына өзгерту туралы шешім жобасына пресс-релизі

Әйке ауылдық округіне қарасты Тереңсай ауылының Ыбырай Алтынсарин көшесін Тереңсай көшесі атауына өзгерту туралы шешім

жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗІ

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №3 Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы.

          Әйке ауылдық округіне қарасты Тереңсай ауылының Ыбырай Алтынсарин көшесін Тереңсай көшесі атауына өзгерту туралы шешімі www.aitekebi.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылы 26 қаңтарда, e-gov ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 25 қаңтарда 2021 жылы орналастырылды. Әйке ауылдық округі қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылы 30 қарашадағы №9 хатымен алынды.

 

«25» қаңтар 2021 жыл  №4

 

Әйке ауылдық округіне қарасты Тереңсай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің атауын Тереңсай көшесі атауына өзгерту туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №3 қорытындысын негізге алып және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

  1. Әйке ауылдық округіне қарасты Тереңсай ауылындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің атауы Тереңсай көшесі атауына өзгертілсін.
  2. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Әйке ауылдық округінің әкімі:                                   Н.Б.Алипбаев

Дата публикации
26 января 2021