Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекенінің көшесін қайта атау туралы шешім жобасына баспасөз релизі

Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекенінің көшесін қайта атау туралы шешім жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармашасына сәйкес,  тиісті аумақ халқының пікірін  ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23  желтоқсандағы №3 қорытындысы негізінде, Жабасақ ауылдық округінің әкімінің шешім жобасы әзірленді.

Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекенінің көшесін қайта атау туралы шешім жобасы www.gov.kz сайтында 25.01.2021 жылы, e-gov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында 25.01.2021 жылы орналастырылды.

 

Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекенінің көшесін қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармашасына сәйкес,  тиісті аумақ халқының пікірін  ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23  желтоқсандағы №3 қорытындысы негізінде, Жабасақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жабасақ ауылдық округінің Аққұм елді мекенінің «Темірбек Жүргенов» көшесі «Кенесары хан» көшесі болып қайта аталсын.  
  2. Әйтеке би ауданының «Жабасақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
25 января 2021